"Алтын ғасыр" галереясы 29 қарашада сағат 16:00-де заманауи өнер көрмесіне шақырады. "SUPER 10" жобасы Қарағандылық жеті суретшіні біріктірді.
2014 жылы дарынды қарағандылықтар тобы Суретшілер одағына қабылданды. 10 жылдан кейін олар көрме жобасына қатысу үшін бірігу туралы шешім қабылдаған. Павел Боженков, Қуаныш Балабеков, Владимир Фатьянов, Галина Коломенская, Мариана Макеева, Сергей Шешенов және Евгений Ким өз жұмыстарын көрермен назарына ұсынбақ.
"Super 10" жобасы көрермендерді абстракция мен сюрреализмнен реализм мен минимализмге дейінгі әртүрлі стильдер мен әдістер бойынша қызықты саяхатқа шақырады. Көрмедегі әрбір жұмыс суретшінің жеке талантын ғана емес, сонымен қатар заманауи өнердегі жаңа идеялар мен өзекті тақырыптарды зерттеуге деген ұмтылысын көрсетеді", – дейді ұйымдастырушылар.
Экспозиция 8 қаңтарға дейін жалғасады.
Кіру тегін.
Галереяның мекен-жайы: Комиссаров көшесі, 35а.
Жұмыс уақыты: 10:00-ден 18:00-ге дейін.