BANNER

Енді қазақстандықтар көлік басқаруға арналған медициналық анықтаманы eGov.kz порталынан ала алады

Қарағанды облысының әкімдігі

Енді қазақстандықтар көлік құралын басқара алатынын растайтын 073/у нысанындағы медициналық анықтаманы eGov.kz порталынан ала алады. Бұл барлық жүргізушілер үшін көлік жүргізуге болатынын растайтын құжат.

Бұрын азаматтар бұл анықтаманы төрт маманнан (терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог) медициналық тексерістен өткеннен кейін қағаз түрінде алатын. Жаңа көрсетілетін қызметтің арқасында eGov.kz порталында медициналық анықтама алу процесі жеңілдеді. Енді пайдаланушылар медициналық тексерістен өткеннен кейін анықтаманы электрондық форматта алады, ал цифрлық құжат автоматты түрде бірыңғай деректер қорында сақталады.

Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:

- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Денсаулық» - «Медициналық көмек» бөліміне өту;

- «№ 073/е нысаны бойынша медициналық анықтама беру» қызметін таңдау;

- қол жетімді қол қою әдістерінің бірімен өтінішке қол қою қажет.

Көрсетілетін қызметті алу нәтижесінде мамандардың қорытындысы бар медициналық анықтама PDF форматында пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді болады. Анықтама оны алған сәттен бастап бір жыл бойы жарамды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ