Алматыда түнде тағы да жер сілкінді. Бұл туралы ТЖМ өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Жер асты дүмпуі 28 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 01:31-де тіркелді.
"Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 318 шақырым жерде орналасқан. Алматыда 2 балл болып сезілді. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ", - деп жазылған хабарламада.