Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жеке өміріне қатысты жақсы жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі желіде жазба жариялап, елді ойландырып қойды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Ақбота-Нұр Сейітмағамбет Instagram-дағы парақшасында ақ көйлек киген суретін жариялап, бақытты күні жақындап қалғанын айтты.
"Ақ көйлек" кию маған да бұйырды. Аллаға сансыз шүкір деп айтатын күнде жақындап қалған сияқты жақсыларым. Тәтті пікірлеріңіз болса", - деген жазба қалдырды әнші.
Өнер иесінің бұл жазбасы желі қолданушыларының қызу талқысын тудырды. Қалың көпшілік шоу-бизнес жұлдызының тұрмысқа шыққалы жатқанын болжап жазды.