Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар сұранысын қанағаттандыру мақсатында Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесіне орай қосымша пойыздарды іске қосады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша қатынайды:
№201/202 "Астана-Алматы" пойызы:
Астанадан: 2024 жылдың 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсаны, 2025 жылдың 1, 4 қаңтары.
Алматыдан: 2024 жылдың 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсаны, 2025 жылдың 2, 5 қаңтары.
№203/204 "Астана-Шымкент" пойызы:
Астанадан: 2024 жылдың 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсаны, 2025 жылдың 1, 4 қаңтары.
Шымкенттен: 2024 жылдың 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсаны, 2025 жылдың 2, 5 қаңтары.
№205/206 "Ақтөбе-Астана" пойызы:
Ақтөбеден: 2024 жылдың 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсаны, 2025 жылдың 1, 4 қаңтары.
Астанадан: 2024 жылдың 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсаны, 2025 жылдың 3, 6 қаңтары.
Барлық пойыздарда купе және плацкарт вагондары бар.
2024 жылдың 13 желтоқсанынан бастап қосымша электр пойыздары іске қосылады:
№7553/6811–6812/7556 "Қарағанды-Астана-Бурабай курорты" электрпойызы жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.
№7509/6805–6806/7510 "Павлодар-Астана-Бурабай курорты" электрпойызы аптасына үш рет, яғни жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.
Қосымша пойыздар жолаушылар үшін қолайлы орын санын арттырып, көрсетілген бағыттар бойынша билеттердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан немесе вокзал кассаларынан алуға болады.
Қосымша ақпаратты "1433" тегін нөмірі арқылы білуге болады.