BANNER

Қызылорда облысында бір ауылдан 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді

Фото: Погранслужба КНБ Республики Казахстан

Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Сексеуіл ауылында тұрғындардан 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сексеуіл ауылында полиция қызметкерлері жойылып кету қаупі бар жануарлардың дериваттарын сатумен айналысқан тұрғындарды ұстады.

"Олардан жалпы салмағы 400 келі болатын 2 038 киік мүйізі, электронды таразылар және екі автокөлік тәркіленді", - дейді ведомство.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.