BANNER

"Қазақтелекомның" лауазымды адамдары ұсталды

Фото: sputnik.kz

"Қазақтелеком" АҚ филиалы – Сервис фабрикасының лауазымды адамдары қызметін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұлттық компанияның жылжымайтын мүлік портфелін басқаруға жауапты Сервис фабрикасының лауазымды тұлғаларына қатысты қызметін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Филиалдың бас директоры мен бірқатар қызметкері мемлекет мүддесіне қайшы және пайда табу мақсатында кәсіпкерге Тараз қаласындағы Қоғамның әкімшілік ғимаратын төмен бағамен сатқан деген күдікке ілінді", - деп жазылған хабарламада.

Олардың заңсыз әрекетінің салдарынан мемлекетке 450 млн теңгегеден астам сомаға материалдық залал келтірілді. Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.