Республикалық адвокаттар алқасы кәсіби мерекеге орай қорғаушыларға марапат табыстады. Олардың ішінде әйелі Нүкенованы өлтірген Қуандық Бишімбаевты қорғаған адвокат Ерлан Ғазымжанов та бар.
Ерлан Ғазымжанов "Кәсіпқойлығы үшін" мерекелік медалімен марапатталды. Оған медальді республикалық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Игорь Вранчев табыс етті.
Сол сотта Игорь Вранчев марқұм Салтанат Нүкенованың отбасының құқықтарын қорғады. Ал Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевтың мүддесі үшін күресті.
Қуандық Бишімбаевты қорғаған адвокат марапатталды
Stan.kz