BANNER

Әнші Азамат Ашмақын ATB Asia’s Top Band байқауында жеңіске жетті

Фото: yandex.kz

Қазақстандық әнші Азамат Ашмақын (Ninety One тобындағы Асе) Оңтүстік Кореяда өткен байқауда топ жарып, үлкен марапатқа ие болды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Азамат Ашмақын (Асе) Оңтүстік Кореяның Инчон қаласында өткен ATB Asia’s Top Band байқауында «Best Popular» (Бест Инкисан) номинациясын жеңіп алды.

Айта кету керек, бұл байқау Азия елдерінің достығын нығайтуға бағытталған өнер бәсекесі.

Оған Азияның бес елінен, атап айтсақ Вьетнам, Моңғолия, Филиппин, Қазақстан және Оңтүстік Кореяның өнерпаздары қатысқан.