BANNER

Корея президентіне қарсы митинг өтіп жатыр

Фото: Yonhap

Оңтүстік Корея президенті 3 желтоқсан әскери төтенше жағдай жасаған болатын. Алайда 190 депутат бұл шешімге қарсы дауыс беріп, 6 сағатқа жетпей оны алып тастауға мәжбүр болды. Мыңдаған халық Сеулде алаңға шығып, импичмент талап етіп жатыр, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Оппозиция оны «мемлекетке опасыздық жасады» деп айыптады. Артынша прокуратура да «мемлекетке опасыздық жасады» және «билікті асыра пайдаланды» деп айып тағып, күдікті ретінде санап отыр. Юн Сок Ёль-ге елден кетуге тыйым салынды.

Оңтүстік Корея парламенті 7 желтоқсанда президентке импичмент жариялау мәселесін көтерді, бірақ биліктегі «Халық күші» партиясының депутаттары дауыс беруге бойкот жариялауына байланысты импичмент бойынша құжат қабылданбады.

Алайда Сеулде парламенттің алына мыңдаған адам шығып импичментті талап етіп жатыр.

Ұялы телефондары мен және басқа да құралдармен жарықшалар жағып, өз наразылықтарын көрсетіп жатыр. Yonhap ақпаратына қарасақ, 4000-дай ереуілші, 2000-дай полицей қызметкерлері қатысқан шеру фестиваль секілді әншілердің қатысумен бейбіт өтіп жатыр. Митинг бір апта бойы болмақ.