Алматыдағы караоке-бардың бірінде ұсталған актер Асқар Жұмабек бостандыққа шықты, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Аты шулы оқиға 2022 жылдың 28 желтоқсан күні түнгі сағат 2 шамасында болған. Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының бойында орналасқан караоке-барда төбелес болып, актер Асқар Жұмабек 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді. Ол уақытынан бұрын қамаудан босатылды. Бұл туралы актердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
«Алла ұлық! Алла ғажайып беруші. Алла – жалғыз. Сүйінші қазақ елі, менің жанашырларым, көрермендерім! Мен орталарыңызға қайта оралдым!», – деп жазды актер.