BANNER

Қарағандылық боксшы Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды

Қарағанды облысының әкімдігі

Қазақстан бокс федерациясы ерлер арасында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Чианг Май (Таиланд) Азия чемпионаты финалының нәтижесіне наразылық білдірді. Нәтижесінде қарағандылық боксшы Абылайхан Жүсіпов жеңімпаз атанды.

IBA және ASBC-ге жіберілген ресми хабарламада Абылайхан Жүсіпов пен Хавазбек Асадуллаевтың жекпе-жегінде өзбек боксшысы тарапынан ережелер өрескел бұзылғандығы айтылған. Судья Джована Угринович (Сербия) бұл кезде ешқандай ескерту жасаған жоқ. Бұзушылықтың дәлелі ретінде фото және бейнематериалдар ұсынылды.

Нәтижесінде IBA және ASBC жекпе-жекті қайта қарап, Абылайхан Жүсіповті Азия чемпионы деп таныды, ал өзбек боксшысы жарыстан белгілі бір мерзімге шеттетілді.

Таиландта өткен бокстан Азия чемпионатында қарағандылықтар тағы екі медаль жеңіп алды. Аида Әбікеева алтын алды, ал Милана Сафронова қола жүлдегер атанды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша