Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.
Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Айта кетейік, Францияның Майотта аралында алапат дауылдан жүздеген адам қаза тапты.