BANNER

Ермағанбет Бөлекпаев: "Қала тұрғындар үшін қолайлы болуы тиіс"

Қарағанды облысының әкімдігі

Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды қаласының екі аудан әкіміне қар тазалау бойынша ескерту жасады. Ол қала таза әрі көгалданған болуы үшін "Таза Қазақстан" бастамасын іске асыру бойынша бірқатар ойымен бөлісті.

– Өкінішке қарай проблема бар. Әлеуметтік желілерде қар шығару және тазалау бойынша шағымдар шығып жатыр. Мен мұны өзім де көріп отырмын, – деді Ермағанбет Бөлекпаев облыс орталығын дамыту жөніндегі кеңесте.

Тәртіп барлық жерде болуы керек: орталықта да, шетте де, деп атап өтті ол. Бұл аудан әкімдерінің жауапкершілік аймағы, тәртіпті үнемі қадағалап отыру қажет екенін өңір басшысы тілге тиек етті.

Ол қала басшылығына автомобиль жолдарын, сондай-ақ тротуарларды, гүлзарларды, саябақтарды сапалы тазалау және күтіп ұстау бойынша жұмысты үзбей ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ барлық меншік нысандарындағы ұйымдардың санитарлық нормаларды сақтауын қадағалау үшін полицияға жүгінді.

Ермағанбет Бөлекпаев қоқыстарын жинамайтын құрылыс компанияларына назар аударды. Ол Пришахтинскідегі Оқушылар сарайын енгізгеннен кейін қоршаған аумақты ретке келтіріп қана қоймай, көгалдандыруға үлес қосқан мердігерді үлгі ретінде келтірді.

Қала әкімі Мейрам Кожухов тұрғын үй салушылардың көгалдандыруға қатысуы туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оларға пәтер саны бойынша үйдің жанына ағаш отырғызып, содан кейін оларға күтім мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұсынылады.