Оқиға Байтұрсынов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында болған. Қайғылы жағдай орын алған жерге құтқару қызметі мен жедел жәрдем келді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлердің мәліметінше, қайғылы оқиға қаланың Бостандық ауданында болған.
Өкініше қарай 2003 жылы туған жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.
Полиция мәліметінше, қайғылы жағдай Байтұрсынов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында, сағат 17:50-де болған. 11-ші троллейбустың жүргізушісі 2003 жылы туған азаматты қағып кеткен. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды.