BANNER

БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНДА 200 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ РЕКОРДТЫҚ ӨНІМІ АЛЫНДЫ

Сурет: gov.kz

Бұқар жырау ауданында ауыл шаруашылығы экономиканың маңызды салаларының бірі болып табылады. Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 87,6 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 17,7% - ға артты. Дәнді дақылдардан рекордтық 200 мың тонна өнім алынды, ал картоп пен көкөніс өндірісі де жоғары деңгейде қалды. Ет өндірісі 22,4 мың тоннаға жетіп, облыстағы үлесі 22%-ды құрады.

Құс шаруашылығында 7 құс фабрикасы жұмыс істейді, өткен жылы 365 млн тауық жұмыртқасы өндірілді, бұл облыс қажеттілігінің 58%-ын қамтамасыз етті. Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу саласында бірнеше маңызды жобалар іске асырылды, олардың ішінде құс фабрикаларын жаңғырту, сүт өңдеу және мал шаруашылығы жобалары бар.

2024 жылы ауыл шаруашылығында 10,5 млрд теңгеге 6 жаңа жоба іске асырылатын болады. Мысалы, ет бағытындағы құс фабрикасын жаңғырту, сүт тауар фермаларын салу және суармалы жерлерді айналымға енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар, 3,4 млрд теңгеге тағы бірнеше жоба іске қосылады, оның ішінде ет өңдеумен айналысатын кәсіпорындар мен сүт өнімдерін өндіретін зауыттар бар.

Атаулы жобалар ауданның ауыл шаруашылығын дамытуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға үлкен үлес қосады.