BANNER

БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН «ПИЛОТТЫҚ» АУДАН РЕТІНДЕ ТАҢДАЛДЫ

Сурет inbusiness.kz

Бұқар жырау ауданы «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуына қатысатын алғашқы аудан ретінде таңдалды. 2023-2024 жылдары бағдарлама аясында 800 млн теңгеден астам қаржыға 94 кредит беріліп, 180 жаңа жұмыс орны ашылды.

2024 жылы Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстарының тәжірибесін ескере отырып, ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу саласындағы жобаларға жаңа кредит беру тәсілдері енгізіледі. Бұл мақсатта ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, кредиттеу саясаты жаңартылады.

Осыған орай 9 жаңа жоба іске асырылады, оның ішінде:

«Milk&meat company» ЖШС базасында сүт өңдеу және сүт өнімдерін өндіру бойынша ӘКК құру, 25 жаңа жұмыс орны ашу.

«S 1 Group» ӘКК аумағында сүт жинау жобасы, 4 жұмыс орны құрылатын болады.

Ботақара кентінде жануарларға жем-шөп өндіретін ӘКК құру.

«Нұр-Әділ» ШҚ базасында көкөніс сатып алу және сату бойынша ӘКК құру.

«Агро Лидер» ЖШС базасында сәндік көгал шөптерін өсіру жобасы іске асырылмақ.

Ет бағытындағы құс фабрикасын құру.

«Saryarka Halal Meat» ЖШС базасында мал сою бойынша өндірістік кооператив құру.

«Альянс» шаруа қожалығы балық шаруашылығы жобасын жүзеге асыру.

Үштөбе ауылында балаларға арналған иппотерапия жобасы іске асырылмақ.

Жобалар жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын құрып, ауданның экономикасын дамытуға бағытталады.