BANNER

Жетісу облысындағы әскери бөлімде жас сарбаз көз жұмды

Фото: gov.kz

Жетісу облысы Сыраөзектегі әскери бөлімде жас сарбаз көз жұмды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 14 қаңтар күні №12740 әскери бөлімінде болған. 

"14.01.25 күні сағат 12:30 шамасында №12740 (Сарыөзек) әскери бөлімінде қатардағы жауынгер Құрманбек Дастан Маратұлы АК-74 автоматымен жүрегіне оқ атқан, ол сол жерде көз жұмды. Ол 19.10.24 күні Түркістан облысы Мақтарал аудандық әскери округінен әскерге алынған", – делінген ақпаратта.

Оқиғаға қатысты әскери бөлім мәлімдеме жасады.

“Әскери-далалық оқу-жаттығулар кезінде сарбаз атыс қаруын қолдану ережесін бұзып, кеудесінен жарақат алған. Қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себептері анықталып, тергеу шаралары жүргізілуде, құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы басқаратын арнайы комиссия тағайындалды. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады”, – делінген хабарламада.