Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуде. Басқосулар зауыттар мен кәсіпорындардың қызметкерлерін жұмыстан үзбеу үшін жұмыс орындарында өткізіледі.
Мұндай алғашқы кездесу Maker компаниясының машина жасау зауытында өтті, онда өңір басшысы негізгі басқармалар мен ведомстволардың басшыларымен бірге келді.
– Біз сіздермен кез келген тақырыптағы мәселелерді талқылауға дайынбыз. Кәсіпорын қызметкерлері, әдетте, менің тұрақты кездесулеріме келе алмайды. Сондықтан мен әріптестеріммен осылай кездесу өткізу туралы шешім қабылдадым, – деді Ермағанбет Бөлекпаев еңбек ұжымына. – Президент биылғы жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Бұл қарапайым жұмыскерлердің, мамандардың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді: онсыз мықты өнеркәсіп пен тұрақты экономиканы елестету қиын. Біздің міндетіміз – лайықты еңбек жағдайларын, әлеуметтік қорғауды және әрбір қызметкердің кәсіби өсуі үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Ол өңірдегі еңбекке қабілетті халықтың жартысына жуығы жұмысшы мамандықтарымен айналысатынын атап өтті.
Облыс әкімі колледждерді кластерлеу және бұл жұмысшы кадрларды даярлауға қалай әсер ететіні туралы да айтып берді. Әрбір салада тірек колледждері анықталған, бар-жоғы өңірде осындай 8 колледж бар. Олардың материалдық-техникалық базасын жақсартып, шеберханалар мен зертханалар үшін заманауи жабдықтар сатып алатын болады.
Басқармалар мен департаменттердің басшылары өз бағыттары бойынша: кәсіптік және техникалық білім беруді трансформациялауға, жұмысшы кәсіптерін қолдау мен дамытуға, еңбек қауіпсіздігін жақсартуға және т. б. бағытталған шаралар туралы баяндады.
Зауыт жұмысшыларына «Отбасы банкі» мен облыс әкімдігінің бірлескен жеңілдікті ипотекалық бағдарламасы таныстырылды. Қазір ол шахтерлар мен металлургтер үшін қол детімді. Оған машина жасаушыларды да қосылуға шақырды. «Отбасы банк» пен әкімдік кез келген ірі компаниялардың ұсыныстарын қарауға дайын.
Жұмысшылар Үлкен Михайловканы дамыту мәселесіне қызығушылық танытты. Сондай-ақ, қаладағы кәріздің жағдайына да алаңдаулы. Облыс әкімі қазіргі міндет – қаланы орталықтандырылған сумен 100% қамтамасыз ету, содан кейін коллекторларды жөндеуді қолға алатынын атап өтті. Биыл жұмыстарды бастау жоспарланған.
Кездесуде апатты деп танылғаннан кейін бұзылған 44 мектеп туралы сұрады. Олардың орнына жаңасы салынады. Қазір ЖСҚ жасалуда.
Зауыт қызметкерлері осындай кездесу үшін алғыс айтып, өз жетістіктерімен бөлісті.
«Maker» ЖШС директоры Жәнібек Байғабеловтың айтуынша, кәсіпорын өндіріс көлемін арттырған, зауытта 822 адам еңбек етеді, жағдайлары жақсы, сондықтан қызметкерлер өз орындарын сақтап қалуға тырысады, кадрлар ағымы аз.