BANNER

Қарағандыда «Елге қызмет» жастар клубы ашылды

Сурет: ҚР Мемлекеттік қызмет істері

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында «Елге қызмет» жастар клубының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

«Елге қызмет» жастар клубы мемлекеттік басқару мен қоғамдық қызметке мүдделі жастарға арналған клуб. Оның мақсаты қоғамдық өмірге және мемлекеттік қызметте белсенді қызмет атқаруға дайын, жауапты, азаматтарды дамыту.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсен, Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша директоры Серікжан Берікбайұлы, Қарағанды облысы бойынша жастар басқармасының басшысы Нұржан Ілияш қатысты.

Елге қызмет

Іс-шараны аша отырып, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсен  бүгінгі таңда мемлекеттік басқару ісіне жоғары моральдық жауапкершілікке ие, талантты, кәсіби білімі мен белсенді өмірлік ұстанымы бар  жастарды жұмылдыру – мемлекеттік қызмет алдында тұрған басты стратегиялық міндеттердің бірі  және қазіргі таңда мемлекеттік қызметке енгізілген  жастарға арналған  біркатар жеңілдіктермен бөлісті.

Сондай-ақ, «Елге қызмет» жастар клубының негізін қалаушы Ернар Ракишев, клубтың негізгі қызметін таныстырып, жастарды мемлекеттік қызметке шақырып, елге бірге қызмет етуге шақырды.

Өз кезегінде, Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша директоры Серікжан Берікбайұлы, Қарағанды облысы бойынша жастар басқармасының басшысы Нұржан Ілияш мемлекеттік қызметте жастардың білікті маман болып қалыптасуына үлкен мән беріліп, мемлекеттік қызметтің дарынды жастар үшін әрдайым ашық екенін, бүгінде мемлекеттік аппарат жұмысына білімді де білікті жас мамандарды тарту, елді дамытуға септігін тигізетінін атап өтті.

Іс-шараны тамашалауға келген жастар буыны сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызметке түсуге қызығушылықтарын білдірді.