BANNER

Астана-Щучинск тасжолында жылдамдық сағатына 60 шақырымға дейін шектеледі

Фото: Midjourney

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қаңтарда ірі жол апаттары тіркелген. Негізгі себеп - жылдамдықты сақтамау.

"Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу үшін көлік көп жол учаскелерінде жылдамдықты шектеу туралы шешім қабылданды. Соның ішінде Астана – Щучинск және Астана – Қарағанды бағыттары бойынша 3.24 "Ең жоғары жылдамдықты сағатына 60 шақырымға шектеу" жол белгілері қойылды. Бұл көктайғақ немесе басқа да ауа райы жағдайында ғана қосылады", - деп жазылған хабарламада.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, ауа райының нашарлауы туралы ескертулерде, сондай-ақ "Яндекс", 2GIS, Indrive және басқа да қосымшаларда жылдамдық шегі туралы ақпарат көрсетіледі.