BANNER

Бензин мен дизель қымбаттайды

pixabay.com

Биылғы жылдың ақпан айынан бастап бензин мен дизель қымбаттайды. Артынша сұйытылған газдың да құны өседі, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.  

Бірақ энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев халық тұтынатын мұнай өнімінің бағасы бірден шарықтап кетпейді деп сендіріп отыр. Министрдің айтуынша, мемлекет бағаға еркіндік бергенімен, негізсіз өсіруге жол бермейді. Жанар - жағармайдың бағасы нақты қанша теңгеге қымбаттайтына әзірге белгісіз.  Қазір АИ – 92 бензинінің құны 205 теңгеден аспайды. Дизель 285 – 295 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал автогаздың ең арзаны келесі айда - 65 теңге , ең қымбаты - 107 теңгеге дейін баруы мүмкін.

«Бензин мен дизель бағасына еркіндік беру туралы шешім қабылданып қойды. Ақпанда сұйытылған газ кезең - кезеңімен қымбаттайды. Тауарлық көгілдір отынның бағасында да өзгеріс болады. Мемлекет шекті құнын реттеуден бас тартқанымен, үкімет әлеуметтік маңызы бар жанар - жағармайдың бағасын бақылауда ұстайды. Күрт қымбаттауға жол бермейді.»,- деді Алмасадам Майданұлы.