Болат Мажағұлов Есіл өзеніндегі субұрқаққа бөлінген 1 млрд теңге қаражатты жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі UlysMedia-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Сот Мажағұловты өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Экс-шенеунікке ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету») айып тағылды. Тергеу нұсқасы бойынша, «Солнце» субұрқағын салу кезінде бір миллиардтан астам теңге жымқырылған.