BANNER

Ұлытау облысында төрт жасар бала құтқарылды

Фото: ТЖМ

Жезқазғанда Сарыарқа көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде атасы есікті сырттан жауып шыққанда, немересі ішінен  құлыптап, қайтадан аша алмай қалған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, ер адам пәтерге кіре алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Құтқарушылар автосатының көмегімен төртінші қабатқа көтеріліп, балкон арқылы ішке кірді. Олар баланың амандығына қол жеткізгеннен кейін атасын үйге кіргізді. 

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.