BANNER

Конор Макгрегор Ирландия президенттігіне үміткер болмақ

КОНОР МАКГРЕГОР ФОТО: STACY REVERE/GETTY IMAGES

UFC-дің жеңіл салмақтағы екі дүркін чемпионы Конор Макгрегор Ирландиядағы президент сайлауы қарсаңында атқарған істері жайлы айтты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Ulyssport-қа сілтеме жасап. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желі парақшасында жариялады.

"Биыл, Ирландияда әлеуметтік тұрғын кешені үшін менің бастамаммен қолға алынған 300-ден астам үйдің іргетасы қаланады. Барлығы өз қаражатыма салынады. Үйлердің ендігі салынып, жалға беріліп қойғаны туралы жалған ақпарат тарады. Өтірікке адамдар тез сенеді ғой , соның әсерінен маған шабуыл жасағандар да болды. Халық жағдайға көзін ашып қараса екен. Менің бұл әрекеттерім, еліміздегі тұрғын үй дағдарысын шешуге көмектесуге бағытталған маңызды қадам", – деді Конор.

Макгрегор президент болса барлық мәселені шешуге қауқарлы екенін жеткізді.

- Мен шынайымын. Бойымда нағыз ирланд қаны бар! Өмірімнің соңғы тамшысын да еліме беремін! Құдайым, отбасым, елім! Макгрегорға дауыс беріңіз! Ирландиядағы тұрғын үй қиындығын, заңсыз көші-қон үрдісін, Ойреахтастағы сыбайлас жемқорлықтың бәрін түзетемін! Мен, табысты жұмыс атқаруға уәде етемін!

Айта кетейік, Ирландиядағы президент сайлауы 2025 жылдың қарашасына белгіленген.