Бүгін Заң ғылымының докторы Еркін Көбеев дүниеден өтті. Бұл туралы марқұмның жақындары хабарлады.
Еркін Көбеев 1959 жылы 31 наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Еркін Қинаятұлы заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі болған.
Қарағанды мемлекеттік университетін, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1989-2000 жылдары – Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультеті деканының орынбасары, кафедра меңгерушісі, доценті, заң факультетінің деканы, профессоры. 2000-2001 жылдары – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры. 2001-2004 жылдары Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарған. 2004-2019 жылдары Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болды.
Ғалымның 50-ден астам ғылыми еңбегі, 2 монографиясы мен оқулығы жарық көрген.
Life09 ақпарат агенттігінің ұжымы марқұмның артынан қалған ағайын-туыс, бауырларына қайғыра көңіл айтады.