BANNER

Шымкентте 20 күн бұрын жоғалған жігіт өлі күйінде табылды

Фото: pixabay.com

Шымкентте 20 күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт Бәйдібек Еділбек өлі күйінде табылды. Ақпаратты Шымкент қаласының полиция департаменті растады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкенттік полиция жоғалған азаматтың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылықпен өлім белгілері анықталмады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені өткізіліп жатыр. 

Айта кетейік, Бәйдібек Еділбек 14-қаңтар күні Шымкентке көлік құжатын алу үшін келген. Түркістан облысы, Шұбарсу ауданынан қалаға досымен келіп, оны әуежайға шығарып салыпты.

Содан “ауылға қарай таксиге отырдым” деп әкесімен хабарласқан Бәйдібекпен түскі 15:00 шамасында байланыс үзілген. Содан бері ұлдарын шарқ ұра іздеген жақындары полиция жұмысына көңілі толмағанын да айтқан еді. Ақыры жігітті шымкенттік еріктілер іздеп тапқан екен. Өкініштісі сол, 20 жастағы жігіт көшелердің бірінде суицид жасап, қаза тапқан.