BANNER

Google, Apple, Netflix компаниялары Қазақстанға 75 миллиард теңге салық төлеген

Фото: pixabay.com

Қаржы министрлігі шетелдік интернет-компанияларға салық салудың жаңа қағидаларын қолданғаннан кейінгі нәтижелермен бөлісті. Деректерге сай, Huawei, Aliexpress, Google, Apple, Netflix секілді ірі компаниялар соңғы үш жылда Қазақстанға 75 миллиард теңге төлеген, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Салық кодексінің 25-тарауына сәйкес шетелдік интернет-компанияларға ("Google салығы")  салық салудың жаңа қағидалары 2022 жылдан бастап қолданысқа енгізілген.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда 101 шетелдік компания тіркелген.

“Оның ішінде Huawei, Aliexpress, Google, Apple, Netflix және басқа да халықаралық құрылымдар бар. Үш жыл ішінде бұл компаниялар 75 миллиард теңгеге салық төледі. Өткен жылы - 35 миллиард теңге.

2024 жылдың соңында Temu, Pinduoduo және Alibaba компаниялар тобы шартты тіркеуден өтті”, – делінген хабарламада. 

Бұл салық ҚР жеке тұлғаларына тауарлармен электрондық саудамен айналысатын және электрондық нысанда қызмет көрсететін шетелдік компанияларға қолданылады.