BANNER

Атыраудағы балабақшалардың бірінде жәндік қосылған ботқа дайындалған

Видеодан скриншот

Атырауда балабақшада балаларға жәндіктерге толы ботқа дайындалған қойма табылды. Онда жарма антисанитарлық жағдайда сақталған. Атышулы жанжалдан кейін санитарлық дәрігерлер Ақтөбе облысындағы мектепке дейінгі мекемеге тексеріске барды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке жасап. 

Қандыағаш балабақшасында балаларға таңғы асқа жәндік қосылған ботқа дайындалғанын қызметкерлердің өздері хабарлады. Олар жағдайды сол сәтте видеоға түсіріп алған. Мектепке дейінгі мекеме басшылығы жәндік қосылған ботқаның балаларға берілмегенін мәлімдеді. Айтуынша, аспазшылар олқылықты дер кезінде байқап, тамақты балаларға бермеген.

Жанжалдан кейін санитарлық дәрігерлер мектепке дейінгі мекемеге барды. Тексеру кезінде олар қоңыздарға толы қойманы тапқан. Дәнді дақылдар сол жерде сақталған екен. Қауіпті өнімнің қалдықтары жойылды. Ал мекеме меңгерушісі, медбике мен аспаз жұмыстан босатылды. Тағы екі асхана қызметкері сөгіс алды. Қойма меңгерушісі де өз еркімен жұмысынан кетті. 

“Азық-түлік өнімдерін сақтау орнынан тағы басқа заң бұзушылықтар анықталды. Дәнді дақылдардан жәндіктер табылды. Сұлы ұны үлгілерінен зиянкестер мен жәндіктер табылды. Осыған байланысты комиссия 19 келіден астам өнімнің көзін жойды”, – деді Ақтөбе облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Лаура Ршауова.