BANNER

Мағзұм Мырзағалиев президент кеңесшісі атанды

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда таратқан мәліметте.

Ал, бұған дейін осы қызметті атқарып келген Болат Ақшолақов лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.