BANNER

Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды

Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Бұған дейін ол ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымын атқарды. Бұл қызметке 2023 жылы 12 қыркүйекте тағайындалған болатын.