BANNER

Қарағандылық батутшылар Әлем кубогында күміс жүлдеге ие болды

Қарағанды облысының әкімдігі

Батут гимнастикасынан Қазақстан командасы жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды. Біздің спортшылар Бакуде (Әзірбайжан) өткен Әлем кубогында екінші нәтиже көрсетті, деп хабарлайды olympic.kz.

Қарағандылықтар Данил Мұсабаев пен Никита Тумаков синхронды секіруден күміс жүлдеге ие болды.

Турнирде олар Жапония командасына есе жіберіп алды. Мексика үздік үштікті түйіндеді.