BANNER

FlyArystan бортында жолаушының рюкзагы өртеніп, ұшақ қайта қонды

Фото: FlyAryatan Instagram парақшасынан

Астана – Ақтау бағыты бойынша ұшқан FlyArystan әуекомпаниясының ұшағы жолаушының рюкзагының өртенуіне байланысты ұшу портына қайта оралған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға 23 ақпанда болған.

"Астана – Ақтау бағыты бойынша FS 7375 рейсін орындау кезінде ұшақтың жоғарғы багаж бөлігінде жолаушының рюкзагы өртенді. Өртті авиакомпанияның борт серіктері тез сөндірді. Бортта 182 жолаушы болған. Ұшақ ұшу пунктіне оралды. Қону штаттық режимде орындалды. Жағдай туралы қосымша ақпарат барлық жағдай анықталғаннан кейін беріледі", – делінген хабарламада. 

Кейін бұл рейс сағат 17.10-ға ауыстырылды.

“Барлық жолаушы тегін қайта брондауға немесе ақшаны қайтаруға құқылы”, – деп атап өтті компания.