BANNER

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

Мемлекеттік қызмет істері

Департамент басшысының м.у.а. Бахтияр Макеев мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысын өткізді.

Отырыста 2024 жылы жүргізілген қашықтықтан бақылау жұмыстарының нәтижесі, Үшінші тұлғалармен бірінші басшылардың электрондық цифрлық қолтаңбаларын қолдану фактілері қаралды.

Бұдан бөлек, Теміртау қаласының ЖАО-мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағытында атқарылып жатқан жұмыстарының есебі тыңдалды.

Талқылау қорытындысы бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері тиісті ұсынымдар берді.