ҚазАвтоЖолдың мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы 12 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша 6 облыстағы 6 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Қазіргі таңда республикалық жолдарды тазалауға, қауіпсіздік шараларына 458 арнайы техника мен 1177 маман жұмылдырылған.
Ақмола облысы: - "Астана -Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 856-917 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы - Жақсы ауылы).
Ақтөбе облысы: - "Костанай-Рудный-Денисовка-Комсомольское-Карабутак" автожолының 5-199 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы - Әйке ауылы).
Шығыс Қазақстан облысы: - "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" автожолының 6-166 шақырым аралығы (Ушановское ауылы - Алтай қаласы).
Қостанай облысы: - "Жезқазған-Арқалық-Петропавловск" автожолының 252-340 шақырым аралығы (Ұлытау облысы шекарасы - Арқалық қаласы).
Солтүстік Қазақстан облысы: - "Астана -Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 795-856 шақырым аралығы (Рузаевка ауылы - Ақмола облысы шекарасы).
Ұлытау облысы: - "Жезқазған-Арқалық-Петропавловск" автожолының 137-252 шақырым аралығы (Ұлытау ауылы - Қостанай облысы шекарасы).