BANNER

Қазақстандық алты боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Сурет: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан құрамасының алты боксшысы Сербияда қыздар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Біріншіліктің ширек финалында құрамадан 10 боксшы өнер көрсетсе, солардың төртеуі жеңіліс тапты. Жайна Шекербекова (54 кг) сербиялық Сара Сирковичке есе жіберсе, 66 келіде өнер көрсеткен Жасмин Кизатова Ресей атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Альбина Молдажановаға жол берді. Ал әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері, Азия чемпионы Карина Ибрагимова (57 кг) қытайлық Ян Кайға шамасы жетпеді – 1:4. 75 келідегі Надежда Рябец те сербиялық Николина Гажичтен ұтылды.

Жартылай финалға шыққан боксшылар:

48 кг

Назым Қызайбай – Рионг Кионг Хонг (Таиланд)

50 кг

Алуа Балқыбекова – Биол Кум Ан (Таиланд)

60 кг

Виктория Графеева – Наталья Шадрина (Сербия)

63 кг

Аида Әбікеева – Елена Бабичева (Ресей)

70 кг

Наталья Богданова – Лиза Едел Орук (Ирландия)

+81 кг

Елдана Талипова – Дарья Сазонова (Молдова)