Қарағанды облысында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтауға бағытталған «Еңбек жолы» республикалық байқауының аймақтық кезеңіне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.
Конкурс жыл сайынғы негізде өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі.
Үш номинация қарастырылған:
- «Үздік еңбек әулеті» – ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады;
- «Өндірістің үздік жас қызметкері» – 5 жылдан аспайтын еңбек өтілі бар өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады;
- «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең тиімді тәлімгер таңдалады.
Байқауға саласына қарамастан барлық кәсіпорындардың қызметкерлері қатыса алады.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады (қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері).
Байқау туралы толығырақ ақпаратты 43-20-82 (Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы) телефоны арқылы немесе өңір қалалары мен аудандары әкімдері аппараттарының сайттарынан алуға болады.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мекенжайы: Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі, 47/3, 4-қабат, 406-кабинет, электрондық пошта: sots-otdel@mail.ru.
«Еңбек жолы» байқауы Еңбек күнін мерекелеуге орайластырылған.