Қарағандыда 22 наурызда ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Наурыз мейрамын спорттық жетістіктермен атап өткісі келетіндерді гір көтеру (24 кг), армрестлинг (оң қол), қазақ күресі, арқан тарту (арқан тарту бойынша командалық жарыстар), асық ату, тірі қошқарды көтеру, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу спорт түрлеріне қатысуға шақырады.
Басталуы 12:00.
Шараның өтетін орны: «Шахтер» стадионы, «Жастар» СК.
Жүлде қоры – 500 мың теңгеге дейін.