BANNER

Қарағандыда мотоцикл тізгіндеген 17 жастағы жасөспірім көз жұмды

pixabay.com

Қарағанды қаласында жасөспірім тізгіндеген мотоцикл апатқа ұшырап, ол оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ПД мәліметінше, 17 жастағы мотоцикл жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып бордюрға соғылып, қатты соққы әсерінен ұшып кеткен. Бағдаршам бағанасына соғылған жасөспірім ауыр жарақат алып, оқиға орнында жан тапсырды.

Ал мотоциклде қайтыс болған жасөспіріммен бірге болған жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.