BANNER

Ұлытау полициясы екі украиналыққа іздеу жариялады

Фото: qamqor.gov.kz

Ұлытау облысының полициясы екі шетелдікке, яғни украиналық Павло Деревцов пен Руслан Крамськойге халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Руслан Крамськой мен Павло Деревцов Telegram мессенджеріндегі интернет дүкен арқылы Қазақстанда сатылатын есірткіні өткізуге ТМД (Қазақстан, Қырғызстан, Украина) азаматтарын тартып, кейін кірісті заңдастырудың халықаралық схемасын құрған, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, ведомствоаралық жедел тергеу тобы есірткі, психотроп заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау деректері бойынша Telegram арнаны ұйымдастырушыларға Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1, 2, 3 және 5-тармақтары бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.