Астанада 1 тамыз күні өтетін әлемдік әнші Дженнифер Лопестің концертіне билет сағат 11:00-де сатылымға шығуы керек еді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанда алғаш рет өтетін концерттің билеттері www.ticketon.kz сайтында сатылымға шығуы керек болатын. Алайда сағат 11:00 болмай, сайт істемей қалған.
Олар билет сатып алатын нөмірлерді көрсетіп, техникалық себептерге байланысты сайт уақытша жұмыс істемейтінін жазған.
Концерт «Астана Арена» стадионында өтеді.