Семей қаласында Дулатов көшесіндегі теміржол өткелінде пойыз басып кеткен әйел мерт болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болды. Әйел жүк пойызы тоқтап тұрған кезде теміржолды кесіп өтпек болған. Алайда ол вагондардың арасында болған сәтте пойыз қозғала бастаған.
Осылайша, пойыз басып кеткен әйел сол жерде көз жұмды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған.
Семей стансасының желілік полиция бөлімінің хабарлауынша, аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы (Жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.