BANNER

Желідегі жазбаға лүпіл баспағандарды қудалаған: Шымкент жастар орталығының басшысы жазаланды

Фото: Facebook Азат Дидарбек

Желідегі жазбаға лүпіл баспағаны үшін қызметкерлерін қудалаған Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы жазаланды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі дауға қатысты Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі басқармасының басшысы пікір білдірді.

“Жастар ресурстық орталығында болған жағдай — екі қызметкер арасындағы ішкі еңбек дауы, оны ұжым ішінде, кураторлары ретінде менің алдыма келіп шешуге болатын еді. Бірақ бұл мәселе әлеуметтік желілерде қоғамдық резонанс тудыру арқылы шешілді. Ресми өтініш тек ақпарат желіде тарағаннан кейін ғана "е-Өтініш" платформасы арқылы түсті", – деді ішкі саясат және жастар ісі басқармасының басшысы Айгерим Жұмақұлова.

Сонымен қатар, Жұмақұлова орталық басшысының қызметкерлерден әлеуметтік желілерде белсенді болуды талап еткенін растады. Басшы бұл әрекеті үшін жазаланған.

“Қызметкерлерден әлеуметтік желілерде белсенділік талап еткен орталық басшысының әрекеті дұрыс емес деп танылды. Оған қатысты тәртіптік жаза қолданылды", – деді басқарма басшысы.