BANNER

"Жылы-жұмсақты алдына қойып жыртыламыз": Дана Нұржігіт Дженнифер Лопестің концертіне бармайтынын айтты

Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал журанлист Дана Нұржігіт америкалық әнші Дженнифер Лопестің концертіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Айта кетейік, тамыз айында Астана аренасында Лопес ән шырқайды. 

"Jlo келе жатыр дегеннен билет алуға кірісе кететіндердің қатарында емеспін. Менің табиғатым сондай ма,білмеймін, нөпір халық жиналған жерде бір түрлі тұншыға бастаймын. Ішкі паника басталады. Қосымша шығу есігін, жолдарын іздей бастаймын. Қауіпсіздік қызметіне онша сенбеймін. Ондай жерде адам бір-біріне қарамайды”, – деп бастады әңгімесін журналист. 

Сондай-ақ, медиа маманы көпшілікті билетті кредитке алмауға шақырды. 

“Лопес келді, кетті. Жылы-жұмсағын алдына қойып жыртылатынымыз бесенеден белгілі. Бірақ қалтасының түбін қақса да,сол концертке барамыз деген біздің халықтың қамын осы бастан ойласақ екен деймін. Олардың ішінде мүмкін билетті кредитке, не бөліп төлеп алатындар да болатын шығар!  (Енді ондайға дейін бармай-ақ қойыңыздар дер едім. Сондықтан, қонаққа құрмет – иә, ал ақшасын шығарып, сонысымен салыққа үлесін қосып, арнайы келген халыққа — ізет болу керек", — деп жазды ол.