BANNER

«Барселона» – Испания кубогының 32 дүркін иегері

Сурет: Report

«Барселона» футбол клубы Испания кубогының финалында Мадридтің «Реалын» жеңді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Матч Севильядағы Олимпиада стадионында (Estadio Olímpico de la Cartuja) өтіп, «Барселона» клубының 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды.

Ойынның алғашқы голын Педри 28-минутта соқты. 70-минутта «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе есепті теңестірді. Одан жеті минут өткен соң Арда Гюлердің пасынан кейін Тчуамени баспен гол соғып, «корольдік клубты» алға шығарды. Алайда негізгі уақыттың аяқталуына алты минут қалғанда Ферран Торрес есепті қайта теңестірді.

Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталып, қосымша уақыт белгіленді. Овертаймда шешуші голды 116-минутта Жюль Кунде соқты. Ол алыстан қақпаны дәл көздеді.

Осылайша «Барселона» өз рекордын жаңартып, Испания кубогын 32-рет жеңіп алды.