BANNER

«Жақында үйленетін едім»: Шерзат Полаттың ісінде тағы бір куәгерден жауап алынды

Сурет: t.me/Jogargy_sot

Талдықорғанда Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Осы іске байланысты куәгерлердің бірі — Талғат Әшірбаевтан жауап алу небәрі бірнеше минутқа созылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.

Жас жігіттің айтуынша, ол тағы бір куәгермен бірге «Қамажай» дүкенінің жанында болған төбелес орнының жанынан көлікпен өтіп бара жатқан. (Аталған дүкенді Шерзаттың отбасы жалға алған.) Сол кезде жанындағы жолаушы оған: «Тоқтайықшы, көрейік, көмектесейік» деп ұсыныс жасаған. Айтуынша, олар әлдебір Абзал есімді адамды көлікпен жеткізіп салмақ болған.

«Мен оған: «Қаласаң, бар, мен бармаймын» дедім. Себебі мен үйленейін деп жатқанмын. Абзал ортаға қарай жүгірді, «ерегес болып жатыр» деді ол. Мылтықтың үнін естіген кезде кетіп қалдым. Шыны керек, қорыққаннан кетіп қалдым», – деді Талғат.

Одан кейін адвокаттардың бірі Талғатқа: «Оқиға орнына тоқтамаған болсаңыз, қолында мылтығы бар адамды қалай көріп үлгердіңіз?» деген сұрақ қойды. Талғат: «Көліктің жылдамдығын ауыстырып жатқанда, бірнеше секунд ішінде мылтық ұстаған адамды байқап үлгердім», – деп жауап берді.