BANNER

Астанада қазақстандық өндірушілердің «Ulttyq ónim» атты ірі көрмесі өткізіледі

Ресми сайттан

Ертең, 16 мамырда, Астанада EXPO халықаралық көрме орталығында отандық өндірушілердің жылсайынғы VIII «Ulttyq ónim» көрмесі басталады. Іс-шара 18 мамырға дейін жалғасады. Қазақстанның барлық өңірінен 350 өндіруші өз өнімін ұсынады. Елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақстанда Үкіметтің қолдауымен «Даму» қорының бағдарламалары арқылы өндірілген тауарлардың алуан түрімен танысып, сатып ала алады.

Көрмеде тамақ, жеңіл, химия өнеркәсібінен бастап, машина жасау, жабдық, зергерлік бұйымға дейінгі түрлі өнім ұсынылады. Олардың ішінде «Гормолзавод» танымал бренді, «Аq Dam» ұлттық тәттісі, Galamilk, Altay Outwear белсенді демалыс пен туризмге арналған киім мен жабдық, «Balausa Jewelry» зергерлік бұйымы, «Қайнар АКБ» ЖШС аккумуляторлық батарея өндіруші, толықтай қазақстандық брендпен әзірленіп, жиналған алғашқы ирригациялық машина өндіруші «Su bereke», «Аврора» дезинфекциялық, косметикалық және жуғыш заттарды әзірлеу мен өндіру көшбасшысы, «Almaty Turmystyq Tehnika zavody» ЖШС тұрмыстық техника өндіру зауыты және тағы басқалар бар.

Сонымен қатар, «Ulttyq ónim» шеңберінде отандық кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне арналған панельдік сессиялар өтеді. Оларға жетекші қазақстандық және халықаралық спикерлер қатысады. Қатысушылар Қазақстандағы бизнес үшін өзекті трендтерді, сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылайды.

Сондай-ақ, көрме барысында «Халық Таңдауы» атты тәуелсіз, дәм тату байқауы, қазақстандық жетекші өндірушілердің әйелдер мен ерлердің киімдерінің топтамасын көрсету, кәсіпкерлердің шеберлік сыныбы, көрмеге қатысушылар ұсынатын күнсайынғы ұтыс ойыны мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Айта кетсек, көрмеде кәсіпкерлерді қолдаудағы мемлекеттік саясатты табысты іске асырудың аз ғана бөлігі көрсетіледі. Тек 2024 жылы ғана «Даму» қоры арқылы мемлекеттің қолдауымен 1,7 трлн теңге несиемен 29,5 мың жоба қамтылған екен. Ол үшін 590 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 25,4 трлн теңгеге өнім шығарылып, 1,7 трлн теңге салық төленген. 9,7 мың жұмыс орны құрылған. Барлығы «Даму» қорының құралдары арқылы мемлекеттің қолдауына 225,3 мың адам ие болды. Берілген несиенің жалпы сомасы 14,1 трлн теңгелік жобалар. Осының арқасында 220 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, 1,2 млн-нан астам жұмыс орны сақталды. Шамамен 130 трлн теңгеге өнім шығарылып, 9,0 трлн теңге салық түсті.

«Ulttyq ónim» өткізу отандық тауарлар мен қызметтерді танымал етуге және ілгерілетуге ықпал ететін жақсы дәстүрге айналып отыр. Жыл сайын көрмеге қызығушылық артуда. 2022 жылы келушілер саны 20 мыңнан асса, 2023 жылы 22 мың. Сату көлемі де артып, 2022 жылы 70 млн теңгеден 2023 жылы 74,1 млн теңгеге жетті.

Көрмеге кіру тегін. Тек сол көрмеде немесе «Ulttyq ónim» сайтында алдын ала онлайн-форматта тіркелу қажет. Тіркелу үшін сілтеме

Елорда тұрғындары мен қонақтарын «Ulttyq ónim» көрмесіне қатысып, отандық өндірушілерді қолдауға шақырамыз!

Орны: EXPO халықаралық көрме орталығы (Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1)

Салтанатты ашылуы: 16 мамыр, сағат 09:00-де.

Көрменің жұмыс уақыты: 2025 жылғы 16-18 мамыр, сағат 08:00-18:00.