BANNER

Қарағанды облысының жас мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өтті

МҚІА

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің  басшысы Жандос Сәрсен Қарағанды облысы әкімі аппаратымен бірлесе өңірдің жастарына 2025 жылғы 1 маусымнан бастап Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру үшін кезекті іріктеу басталатынын түсіндірді.

Атап айтқанда, аталған шараға Қарағанды облысы әкімі аппаратының және облыс әкімдігіне қарасты басқармалардың жас мамандары қатысты.

Іс-шара барысында биылғы жылдың 1 маусымынан басталатын іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі, бес жылдан кем емес еңбек өтілі және қазақ тілін меңгеруі В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алатыны және іріктеу әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестициялар салалары бойынша жүргізілетіні айтылып, іріктеудің әрбір кезеңі жайлы кеңінен ақпараттар берілді.

Бұл ретте Президенттік жастар кадр резерві – дарынды, бастамашыл, кәсіби білікті жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға бағытталған маңызды жоба екенін Департамент басшысы Ж.Сәрсен айта келе, ел мүддесіне адал қызмет етемін деген жастарды Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысуға шақырды.