BANNER

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін –  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Атаулы күн еліміздің егемендігі мен бірегейлігін білдіретін ерекше мереке саналады.

1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны алғаш рет ресми түрде бекітілді. Содан бері бұл күн ұлттық мереке ретінде аталып өтіп келеді.

Мемлекеттік рәміздер – кез келген елдің тәуелсіздігін, тарихын, рухын және болашағын бейнелейтін маңызды нышандар. Қазақстан Туы – бейбітшілік пен болашаққа деген сенімді білдірсе, Елтаңба – ел тарихы мен мәдениетін, ұлттық болмысын айшықтайды. Ал Әнұран – елдің бірлігін, намысын оятатын ұлы рухтың сарыны іспетті. 

Рәміздер күні - әр азаматтың жүрегінде отансүйгіштік сезімін нығайтып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға бағытталған. Сондықтан да бүгінгі күн – тек рәміздерді еске алу емес, елге, оның болашағына деген сенімді нығайтатын ерекше күн ретінде ұлықталады.