BANNER

Джей Ло концертіне 29 елден турист келеді

Фото: yandex.kz

Джей Ло концертіне 29 елден турист келеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі 24.KZ-ке сілтеме жасап.

Жаһанды 40 жыл бойы тамсандырған Джей Лоның Алматыдағы концертіне сатылып жатқан билеттер түгесілуге таяу. 10 тамыз күні Орталық стадионда өтетін поп жұлдыз шоуына әлемнің 29 мемлекетінен меймандар келеді.

Дженнифер Лопестің концертіне 25 мыңдай билет сатылымға шыққан. Соның 30%-ы шетелдіктерге бұйырыпты. АҚШ, Қырғызстан, Сауд Арабиясы қоштаған көптеген мемлекеттің өнерсүйер қауымы бір айдан соң Алматыға ағылмақ.

Әншінің райдері мықты. Әсіресе концертке қажетті музыкалық техникаға талап қатал. Джей Лоның қай қонақүйге түсетіні құпия. Әншінің шашбауын көтеріп 100 адам келеді.